«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Общеобразовательная школа №1 имени Ыбырая Алтынсарина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области».

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру саласында жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

 "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаменті (Ж. Жонтаева):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты ресми жариялауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е. Иманғалиевқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

      Министр А. Сәрінжіпов

 

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      ___________________ Е. Досаев

      2015 жылғы "___"_____________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ______________________ Ә. Исекешев

      2015 жылғы "____"____________

Жаңартылған күні: 31.05.2020 21:43
Құрылған күні: 31.05.2020 21:43

Текст