1. Жалпы ережелер.
1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 1 шағын аудан, 7 ғимарат.
2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ -де білім беру саласында 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2024 жылы - 120 қызмет көрсетілді;
Электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер;
Электрондық үкімет порталы (ЭҮП) арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 71 қызмет;
Ақпараттық жүйе (АЖ) арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 46 қызмет;
ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 1 қызмет;
Қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 2 қызмет.
Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
403003 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» – 34
403004 «Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» – 1
403015 «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» – 33
803014 «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау» – 7
803005 «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың көшірмелерін беру» – 3
403010 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылай және материалдық көмек көрсету» – 42
803008 «Білім туралы құжаттар бойынша мәліметтерді өзектендіру (түзету)» – 0
2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған http://sc0001.stepnogorsk.aqmoedu.kz/білім басқармасының "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
2024 жылы әлеуметтік желілерде 20 ақпараттық хабарлама жарияланды. Ай сайын халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 3 қызметкер көрсетеді, 2023 жылы 2 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға қызмет алушылардан шағым түскен жоқ.
2025 жылы жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді әрі сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылады.