Текст
2025 жылғы 9 сәуірде КММ №1 орта мектебінде Ұлы Отан соғысының 80 жылдығы мен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына орай "Соғыс – әйел затына жат" атты патриоттық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – соғыс майданында ерлік пен батырлық көрсеткен әйелдердің рухына тағзым ету, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихи мұраға деген құрмет сезімін қалыптастыру болды.