Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың биылғы жылғы
Қазақстан халқына Жолдауында көрсетіп берген 10 бағыты – «Рухани Жаңғыруға»
салып береген сара жолының нақты сатылары болып табылады.
Бұл бағыттардың барлығы еліміз экономикасының қарқынды дамуын,
халықтың әлеуметтік деңгейінің жоғары болуын, жаңғырудың негізі болатын – адами
капиталдың құндылығын айқындайды. Ал, адами капиталдың құндылығы- білім мен
ғылым және мәдениетте. Өркениетті елді одан әрі дамытуда маңызды рөл атқаратын
білім саласының жаңғыртылған мазмұндағы озық жүйесі барлық жастағы азаматтардың
қазіргі заман талабына сай білім алуын қамтамасыз етуі тиіс. Жастарды жаңа
технологиялық жүйеге дайындауда, жас ұрпақты ғылыми ізденістерге, өндірістік технологияға
бағыттау, оқытудың сапасын күшейту мақсатында
педагогтардың біліктілігін арттыру жолдары қайта қарауды қажет ететіндігі атап
көрсетілді. Қазақстандықтардың өз
елімізде ғана емес, бүкіл әлем кеңістігінде еркін өмір сүріп, жұмыс
істей алатын дәрежеге жетуі шет тілдерін жетік
меңгеруді талап етеді.
Елбасы «Қазақстандықтардың болашағы – қазақ, орыс ағылшын
тілдерін еркін меңгеруінде», - келешекте жоспарланып отырған латын графикасын,
қазақ терминологиясын халықаралық деңгейге көтере білуінде- деп атап көрсетті.
Заманына лайық, жаһандық көзқарасы бар, өз тілі мен
мәдениетін ұлықтайтын әрбір қазақстандықтың қоғамымыздың идеалына айналуын
«Жаңғыртудың мән маңызы» - деп атады.
Қаламыздағы білім
және мәдениет, өнеркәсіп , т.б. көптеген салалардағы лайықты атқарылып жатқан
жұмыстар өз нәтижесін беруде.
Біздің мектебіміз де осы Жолдауда көрсетілген білім саласына тиісті
нақты жұмыстарды жүзеге асыруда , «Рухани жаңғыру» аясында ауқымды іс-шаралар атқарып, өз үлесін қосуға
атсалысуда.