Қазақстан
Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін
біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең
түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері
мұқият дайындалдық» деп айтқан еді.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару
Комитеті мен КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Президиумы латындандырылған жаңа
әліпби – «Біртұтас түркі алфавитін» енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу
үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға
ауыстырылды. 1940 жылғы 13 қарашада
«Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа
әліпбиге көшіру туралы» заң қабылданды.
Латын әліпбиін Қырғызыстан, Түркменстан, Өзбекстан сонымен қатар Түркия,
АҚШ, Германия тағы басқа елдегі қазақтар
пайдаланады.
Латын әліпбиі б..з.б. VII ғасырда Римде грек және этрус
әліпбиінің тармағы ретінде пайда болып, б.з. I ғасырда қалыптасқан. Орта
ғасырда латын әліпбиі Еуропаға тарады. Африка, Америка, Азия халықтары пайдалануда. Қазіргі латын әліпбиінде
25 әріп бар.
Қазіргі кезде ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын
әліпбиімен жазылуда. Интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын
транскрипция орнатылған.
Бүгінгі күні
латын әліпбиіне көшу жөніндегі сұрақ кең
көлемде талқылануда. Н. Островский атындағы №1 орта мектебінде қарашаның 10
күні өткізілген педагогикалық
кеңес отырысында латын әліпбиіне көшу туралы сұрақ қарастырылды. Мектеп
ұжымы бұл сұрақты қызу талқылады. Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Булаева С.Г.
ағылшын тілін үйренуде бұл қадам көп көмек болатынын айтты.13 қарашада 9,11
сыныптарда латын әліпбиіне көшу туралы сынып сағаты өткізілді.11 сыныптың сынып
жетекшісі Мансурова А.С. балаларға латын әліпбиіне көшу туралы презентация
көрсетті. Оқушылар қазірдің өзінде ұялы телефондарда келген жарнамаларды оқи
алатындарын айтты. Н. Островский атындағы №1 орта мектебінде латын әліпбиіне көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып жатыр.