«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Общеобразовательная школа №1 имени Ыбырая Алтынсарина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области».

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Н. Островский атындағы №1 орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында өткізілген Тілдер онкүндігінің қорытындысы туралы

10.10.2017

Н. Островский атындағы №1 орта

мектебінде

2017-2018 оқу жылында

өткізілген

Тілдер онкүндігінің қорытындысы

туралы

 

Тілдер

онкүндігі МӘБ отырысында бекітілген жоспарға сай 2017 жылдың 7- 20 қыркүйек

аралығында өткізілді.

Өткізу мақсаты:

-                    

оқушылардың танымдық белсенділіктерін және мемлекеттік

тілді меңгеруге қызығушылықтарын арттыру;

-                    

шығармашылық қабілеттерін дамыту;

-                    

социомәдениет құзыреттілік кеңістігін кеңейту;

-                    

мемлекеттік тілде өз ойын ауызша, жазбаша түрде еркін,

түсінікті, дұрыс жеткізе алатын дара тұлғаны даярлауға мүмкіндік туғызу.

Күтілетін нәтиже: оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.

Онкүндік

барысында қазақ тілі мұғалімдері әртүрлі іс шаралар өткізді. Мектепте

«Балаларға базарлық» айдарымен қызықты материалдарға толы қабырға газеттері,

«Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл»,

«С.

Торайғыровтың туғанына 125 жыл» айдарымен ұлы адамдар туралы ақпарат беретін

газеттер шығарылды.

 3А, 3Б сыныптарының арасында «Ойнайық та,

ойлайық»  викториналық сайыс өткізілді

(мұғалімі – Шарипова Б.К.) Белсенді қатысқан оқушылар сыйлықтармен

ынталандырылды. Бірінші орынды Марванов Дамир иеленді.

8 сыныпта

«Тілім менің» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар мемлекеттік тілде

әжептәуір сөйлейтіндерін байқатты. Сабақ қызықты өтті. (мұғалімі – Жетписбаева

Г.М.)

5 сынып

арасында «Ұлы тілім - мақтанышым» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы

өткізілді.  Сайысқа 15 оқушы қатысты. Сайыс

жеңімпазы Акишева Ділназ. (мұғалімдері – Жетписбаева Г.М., Оспанова А.К)

  1-11

сынып аралығында «Менің туған жерім» тақырыбында сурет сайысы өткізілді. Бұл

сайыста бірінші орынды 7 сынып оқушысы Арцер Сабрина иеленді.

6 сыныпта «Ұлы

академик – Қаныш Сәтпаев»  тақырыбында

ашық сабақ өткізілді. (мұғалімі – Оспанова А.К.) Оқушылар мен сабаққа

қатысушылар Қ. Сәтпаев туралы презентация көріп, көптеген қызықты мәліметтер

алды.

4 сыныпта «Көп

тіл білу – уақыт талабы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабаққа белсенді

қатысқан оқушылар Чернецов А. Свидерская В., Бекентаева Т., ерекше аталынып,

марапатқа ие болды.          

  

Қалалық тілдер

фестиваліне 8 сынып оқушылары Точилова Ю., Панкова С. белсенді қатысты.

(мұғалімі – Жетписбаева Г.М.)

Барлық іс

шаралар жақсы деңгейде өтті.

Онкүндіктің

аяқталуына орай іс шаралар қорытындысы бойынша «Тілдер онкүндігі - 2017» жиыны

өткізіліп, белсенді қатысқан оқушылар алғыс хаттармен, сыйлықтармен

марапатталды.

 

                               ӘБ жетекшісі:                   Б. Шарипова

Просмотров: 345

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст