2018 жылдың 28 ақпаны
Төрайымы Ушакова Л.В.
Хатшысы Каленова К.Ж.
Жария талқылау есебінің күн тәртібінде:
1.Білім беру аясында мемлекеттік қызмет көрсету
жөніндегі есеп
Бірінші сұрақ бойынша ОТІ жөніндегі директордың
орынбасары Семенова Е.А. тыңдалды:
Елена Анатольевна мемлекеттік қызмет деген не?,
білім беру аясында қандай қызметтер көрсетілетіні және 2017 жылы мектепте қанша
мемлекеттік қызмет көрсетілгені туралы айтты.
Мемлекеттік қызмет – қызметті
пайдаланушылардың жүгінімдері бойынша жекелеген тәртіпте іске асырылатын және
олардың құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға, оларға
сәйкес материалдық немесе материалдық емес игіліктерді қамтамасыз етуге
бағытталған жеке мемлекеттік атқарымдарды іске асыру формаларының бірі.Мемлекеттік
органдар мемлекеттік қызмет көрсетуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014
жылғы 23 мамырдағы №536 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі,
жергілікті атқарушы органдар көрсететін мектепке дейінгі және орта білім беру
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы»
(2015 ж. 13.03 өзгерістер енгізілген) қаулысын басшылыққа алады.
2017 жылдың қаңтарынан
бастап желтоқсанға дейін барлығы 120 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Қызмет
көрсету мерзімі бұзылған жоқ.
1.
«Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың
телнұсқаларын беру» - 3;
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін
ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
қабылдау» - 82 қызмет көрсетілді;
3.
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде
жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»- 5
4.
«Жалпы білім беретін
мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін
тамақтандыруды ұсыну» -30;
5.
«Аз қамтылған отбасылардағы балалардың қала сыртындағы
және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама
беру» - 0
6.
«Негізгі орта, жалпы орта білім
беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» - 0
Және де электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) қалай алуға
болатыны және онымен қалай қолдану керектігі мен басымдылықтарын түсіндірді:
Ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуына орай, қазір әртүрлі қызметтерді электронды
түрде алуға болады.Электронды қызмет алудың маңызды шарты электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ). Ол электронды түрде алынған құжаттардың
заңдылығын растайтын құрал ретінде қолданылады.
Сөз жарысқа қатысты:
Романова Н.Б.: «Электрондық сандық
қолтаңбаның басымдылығы неде?» деген сұрақ қойды.
Жауап: Электрондық сандық қолтаңбаны қолдана отырып, Сіз мемлекеттік
органдардың виртуалдық қабылдауына өтініштерді жүзеге асырасыз (бұл қызмет ҚР
азаматтарына өз өтініштерін мемлекеттік органдарға тапсыруға мүмкіндік және
өтініштің дәрежесін: мемлекеттік органға жеткізілгенін, орындалуға берілгенін,
орындалғанын және т.б. тексеруге мүмкіндік беретін мемлекеттік орган тарапынан
жауапты әрекетке кепілдік береді);
Үйде компьютеріңіз бар болса, үйден шықпай тәулігіне 24 сағат
аптасына 7 күн мемлекеттік қызметтерді ала аласыз;
Идирисова Б.Ж.: «ЭСҚ қалай алуға болады?» деген сұрақ
қойды.
Жауап: Электрондық сандық
қолтаңбаны халыққа қызмет көрсету орталықтарында немесе Қазақстан Республикасы
Ұлттық куәландыру орталығының – www.pki.gov.kz сайтына онлайн өтінім беру арқылы алуға болады.
Карандей Е.В.: «ЭСҚ қайда
қолдануға болады?» деген сұрақ қойды.
Жауап: ЭСҚ бар болса сіз
электрондық үкімет порталынан онлайн қызмет ала аласыз. Мысалы, мекенжай туралы
анықтама немесе салықтарды төлеуге болады.
Майорова О.М.: «ЭСҚ алу қызметі ақылы ма?» деген сұрақ қойды.
Жауап: Қазақстан Республикасы
Ұлттық куәландыру орталықтарында электрондық сандық қолтаңба алу тегін қызмет
көрсетеді.
Шешімі:
1.
Мемлекеттік
қызмет көрсету бойынша өткізілген жұмыстар қанағаттанарлық деп танылсын.
Төрайымы: Л. Ушакова
Хатшысы К. Каленова