«Білім еліне саяхат!»
Өткізу мақсаты:
·
Оқушылардың
танымдық белсенділігін дамыту;
·
Білім алуға жағымды
уәждеме қалыптастыру;
Барлық оқушыларды қызықты іс шаралар мен
сабақтар арқылы оқыту мен тәрбиелеу үрдісіне
тарту.
Міндеттері:
1. Әр оқушының жеке қабілетіне, икемділігіне,
мәдени – білім қажеттіліктеріне сай
сапалы білім алуларына жағымды жағдай жасау
2. Оқу қызметіне
оқушылардың қызығушылығын арттыру;
3. Бастауыш
сынып мұғалімдерінің педагогикалық және шығармашылық бастама белсенділіктерін арттыру, іс
тәжірибемен алмасу.
Күні |
Іс шаралар |
Сынып |
Өткізілу орны |
Өткізу нысаны |
Жауаптылар |
12.02 |
Бастауыш сыныптар онкүндігінің ашылуы |
1-4 сынып |
2 қабат Фойе |
Жалпымектепшілік жиын |
Вялкова К.А. Корнева Е.В. |
12.02 |
«Астана – мақтанышым менің» сурет сайысы |
1-4 сынап |
2 қабат Фойе |
Сурет сайысы |
Баст.сын. мұғ |
13.02 |
«Ю әріпі не туралы айта алады?» |
1«А» сынып |
21 каб |
Ашық сабақ Сауаттылыққа оқыту |
Вялкова К.А.
|
13.02 |
«Жинақылық - дарын әпкесі» |
2-4 сынып |
22 каб |
Сайыс «Ең үздік дәптер» (матемтика) |
Баст.сын. мұғ |
14.02 |
«Қазақстан табиғат аймағындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемі» Практикалық сабақ |
4 «А» |
26 каб. (4 сабақ) |
Ашық сабақ дүниетану |
Сивоконь С.Н.
|
14.02 |
Сын есім – сөз табы ретінде |
2 сынып |
22 каб. |
Орыс тілінен ашық сабақ |
Корнева Е.В. |
15.02 |
«Білгір» викторина |
1 «А» сынып |
21 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Вялкова К.А.
|
15.022 |
«Ойлан!Тексер! Жаз!» |
2-4 сынып |
23 каб. |
Сайыс орыс тілі «Көркем жазу» |
Вялкова К.А. Баст.сын. мұғ. |
16.02 |
«Ертегілерге саяхат» Әдеби викторина Кітаптың белгі бауын жасау |
1 «А» - 1 «Б» сынып |
22 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Вялкова К.А. Корнева Е.В. |
17.02 |
«Әкем, анам және мен - спортшы жанұя» |
3 «А», 3 «Б» |
Спорт зал |
Спорттық іс шара |
Вялкова К.А. Корнева Е.В. Гасевская И.А. |
19.02 |
«Біз не үйрендік,тексерейік» |
3 «А» |
23 каб. (2 сабақ) |
Орыс тілінен ашық сабақ |
Макашева Л.К.
|
20.02 |
«Мой Чуковский» отбасылық оқу |
3 «А» |
23 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Макашева Л.К.
|
20.02 |
«Біз тату отбасымыз» |
4 «А» |
26 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Сивоконь С.Н.
|
21.02 |
Үздік күнделік |
2-4 сыныптар |
21 каб. |
Сайыс |
Вялкова К.А. Баст.сын. мұғ. |
21.02 |
«Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу» |
3 «Б» |
25 каб. (1 сабақ) |
Математикадан
ашық сабақ |
Утурбаева А.Б. |
21.02 |
«Қазақстан бойынша сиқырлы саяхат» |
2 сынып |
22 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Корнева Е.В. |
22.02 |
«Сөйлем және оның түрлері» |
4 «Б» |
24 каб. (3 сабақ) |
Орыс тілінен ашық сабақ |
Макашева Л.К.
|
23.02 |
«Мейірімділік әлемді құтқарады» |
0 сынып |
5 каб. |
Сыныптан тыс іс шара |
Утурбаева А.Б. |
23.02 |
«Сүйікті менің Қазақстаным» |
2-4 сыныптар |
23 каб. 13.30 |
Мәнерлеп оқу сайысы |
Баст.сын. мұғ. |
23.02 |
Онкүндіктің жабылуы. Қорытынды шығару. Марапаттау. |
1-4 сыныптар |
2 қабат Фойе |
Жалпымектепшілік жиын |
Вялкова К.А. Корнева Е.В. |
Онкүндік
бойы:
-
көркем жазу сайысы, «Үздік дәптер» математика
пәнінен, «Астана мақтанышым менің» 1-4 сыныптар аралығында сурет сайысы
- «Сүйікті менің
Қазақстаным» 2-4 сыныптар аралығында
мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді
- қабырға газеттері, коллаж, постерлер шығарылды. 1-4 сынып.
Бастауыш сыныптардағы онкүндік мерекесі 18 ақпаннан 28
ақпанға дейінгі аралықта өткізілді. Онкүндік
оқушылардың пәндерге деген қызығушылығын
арттыру мен ғылыми пәндерге ынталандыру үшін өткізіледі. Іс шараларды
өткізуге бастауыш сынып мұғалімдері мен олардың тәрбиеленушілері белсене
қатысты. Онкүндіктің өту бағдарламасында оқу қызметінің әр түрлі әдіс -
тәсілдері қолданылды. Программа
проведения предметной декады отразила различные формы и методы учебной
деятельности. Саралауға негізделген ұжымдық және жеке жұмыс түрлері
біріге үйлесті. Оқушылардың ойлау қабілеттерінің белсенділігін арттыру үшін
қызықты көрнекіліктер қолданылды, ойындар, сайыстар, викториналар өткізілді.
Пәндер онкүндігі оқушылардың шығармашылық әлеуетін
көрсетуге мүмкіндік берді. Онкүндік барысында барлық мұғалімдер жақсы
ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетіп, мерекелік шығармашыл ахуал жасады.
Оқушылар да пәндер бойынша жақсы білім, білік, дағдыларын көрсетті. Бүкіл
онкүндік бойы көтеріңкі, мерекелік көңіл күйде болды: ойнады, жарысты,
талқылады.
Апталық онкүндіктің ашылуына арналған жиынмен басталды.
«Білім еліне саяхат» қабырға газеті
шығарылды.
Вялкова К.А. 1 «А» сыныбында өткізген
«Ю әріпі не туралы айта алады?» ашық
сабағы өте қызықты өтті. Сабақта ойын сюжеттері, көрнекіліктер, музыка
қолданылды.сабақ мерекелік күйде өтті. Сабақта балалардың белсенділігін арттыру
үшін жұптық, топтық жұмыстар, саралап оқыту тапсырмалары қолданылды. Сабақ соңында рефлексия өткізілді.
Корнева Е.В. орыс
тілінен «Сын есім – сөз табы ретінде»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. Балалар мұғалімдерінің білікті жетекшілігі
арқасында білімдерін көрсетті. Олар асқан ұйымшылдықпен топтық, жұптық
жұмыстарды істей алды. Өздерін және
сыныптастарын бағалай алды. Сабақ барысында оқушылар өздерінің берік білімдерін
көрсетті. Сабақтың басында қойған мақсаттарға жете алды.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін
қалыптастыру мақсатында Вялкова К.А. сыныптан «Білгір» тыс іс шара өткізді. Іс
шара соңында балалар өздерінше ой тұжырымдарын жасап пікірлерін айтты, сабақ
аяғында өздіктерінен білім алуға қол жеткізді. Немқұрайлық танытқан ешкім
болмады. Тапсырмаларды балалар қызығушылықпен орындады. Іс шара жағымды ахуалда
өтуі жарыстың табысты өтуіне әсерін тигізді.
Утурбаева А.Б. 3 «Б»
сыныбында математика пәнінен «Екі таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға бөлу»
тақырыбында ашық сабақ өткізді. Бастауыш сыныпта математика пәні көптеген оқушылардың
сүйікті пәні болып табылады. Сондықтан сабақ жоғары деңгейде өтті. Оқушылардың
ойлау қабілеттері белсенділігін арттыруға бағытталған қызықты тапсырмалар, әдіс
– тәсілдердің көптеген түрлері
қолданылды. Мұғалім мен оқушылар арасында кері байланыс та өткізілді. .
1 сынып мұғалімдері Корнева Е.В. и Вялкова К.А.
«Әкем, анам және мен - спортшы жанұя» атты спорттық іс
шара өткізді.
Өткізу мақсаты:
ü
Отбасының салауатты демалысын ұйымдастыру.
ü
Балаларды денешынықтыру және спортпен жүйелі айналысуға баулу.
ü
Ептілік, ширақылық, шапшаңдық,
белсенділік, тапқырлық қасиеттерін дамыту.
ü Ақпейілділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Әр жанұяға
команданың атын, ұранын ойластыру туралы үй тапсырмасы берілді. Олар оған өте
жақсы дайындалып келіпті. Командалар тапсырмаларды жұмыла орындады, өз
командаларына жанкүйер болды, бір – бірін қолдады.
Эстафета қорытындысы бойынша барлық командалар әр түрлі номинацияларда грамоталармен марапатталды.
Корнева Е.В. 2 сыныпта, «Дүние тану» пәнінен «Қазақстан бойынша сиқырлы саяхат» тақырыбында сыныптан
тыс іс шара өткізді.
Мақсаты: дүниені тану арқылы Қазақстан Республикасы
туралы оқушылардың білімін кеңейту және бекіту. Оқушыларды Отанды сүюге, мақтан
тұтуға тәрбиелеу. Сабақта инновациялық технологиялар қолданылды. Іс шара
барысында ИКТ қолданылды, сөзжұмбақ
шешілді, брей ринг өткізілді.
Шара соңында командалар арасында «Сұрақ – жауап» ойыны өткізілді.
Вялкова К.А. И Корнева Е.В. 1 сыныптар арасында «Ертегілерге саяхат» Әдеби викторина өткізді.
Мақсаты: балалардың
ой өрісін кеңейту, бейнелі ойлау
қабілеттерін дамыту, оқу уәждемесін қалыптастыру.
Іс шараға «Лукоморье» и «Синеморье» атты екі команда қатысты. Тапсырмалар ширатудан
басталды. Тапсырмалардың бірі ертегі бойынша
суретті құрастыру болды.
Жанкүйерлерге де тапсырмалар берілді. «Бауырсақ», «Қасқыр және жеті лақ» ертегілерінен әндер айтылды. Музыкалық
конкурс өткізілді. . Қызықты тапсырмалардың бірі «Шалқанның суретін
салу» болды. Қатысушылар көздері байланған күйінде шалқанның бөліктерін салды.
Барлық балалар іс шараға
белсенді қатысты және барлық тапсырмаларды орындай алды.
3 «А» сыныбында Макашева Л.К. орыс тілінен «Етістік. Бекіту» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке ала отырып
жоспарланған. Жазба жұмыстары дәптерлерінде және кәртішкелерде орындалды. Письменные
работы выполнялись в тетрадях и карточках. Сабақта сөзді – буынды, көрнекілікті, зерттеу әдістері қолданылды. Білім берудің заманауи технологиялары: Сын
тұрғысынан ойлау (Мәтіннен тек нақ. осы
шақ етістіктерін теріп жазу және оны дәлелдеу)- ойлау қызметінің белсенділігі
үшін қолданылды; тестілеу
технологиясы (мақал
- мәтелдер)- жинақылыққа, зерделілікке тәрбиелейді; топтық жұмыс жасау –сабақта өздіктерінен белсенді жұмыс істеу дағдыларын
қалыптастырады. Денсаулықты сақтап оқыту технологиясы оқу жүктемесін дәл
мөлшерлеуге, қызмет түрлерін ауыстыруға, сергіту сәттерін ұйымдастыруға
көмектеседі.
Оқушылар сабақта белсенді жұмыс
істеді.
Утурбаева А.Б мектеп алды
даярлық сыныбында «Мейірімділік әлемді құтқарады» іс шарасын өткізді.
Мұғалімнің көмегімен оқушылардың өздік
шығармашылық қызметі жүзеге асырылды.
Білім беру жүйесіндегі маңызды бөлік оқушылардың тұлғалық қасиеттерін
ашу үшін жағымды эмоциялық ахуал, ынтымақтастық, өзара шығармашылық
атмосферасын қалыптастыру.
Қайрымдылық, жанашырлық туралы
өлеңдер оқылды, «Дорогою добра», «Если добрый ты», әндері шырқалды, Чебурашка
туралы видео бейне, электронды тұсаукесер слайдтар көрсетілді.
Тақырыпты ашу үшін иллюстрациялы көрнекіліктер, зерттеу әдіс – тәсілдері, сыпайылық тақырыбына
рөлдік ойындар, әңгімелесу түрлері қолданылды.
Осы іс шара барысында оқушылар бойына мәдени – танымдық құзыреттілік қалыптастырылды. Балалар қоғамда өздерін
дұрыс ұстау, қоршаған адамдарға мейірімділік сыйлау, әрқашан қайырымды болу
туралы білім алды.
Мұғалімдер 2 қабатта «Астана – мақтанышым менің» атты
сурет көрмесін ресімдеді. Барлық мұғалімдер өз оқушыларының суреттерін
уақытылы тапсырды. Суреттер ұқыпты түрде
оқушылардың аттары жазылып, іріктеліп алынды.
«Ойлан!Тексер! Жаз!» сайысындағы
«Каллиграфия» номинациясында оқушылар әр әріпті әдемілеп, мәтінді көшіріп
жазды. Барлық оқушылардың дауыс беруімен бағалау критерийлерін жасады. Үздік
жұмыстар анықталды.
1
орын - 2 сынып – Шевцов
Александр, 2 орын – 4 «Б» сынып – Воронин Адам,
3 орын – 4 «А» сынып – Майоров
Кирилл
«Жинақылық - дарын әпкесі» сайысындағы «Үздік дәптер» номинациясы жас
математиктерді анықтауға көмектесті. 2-4 сыныптар арасынан математикадан
олимпиадаға дайындайтын оқушылар
анықталды.
1
орын - 2 сын. – Егорова
Анастасия, 2 орын – 3 «А» сын. – Синявина
Маргарита, 3 орын – 3 «Б» орын – Доценко
Сергей.
«Сүйікті менің
Қазақстаным» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Қазақ тілінде және орыс
тілінде Қазақстан туралы терең ойлы, мәнді өлеңдер оқылды. Барлық балалар жақсы
дайындалыпты. Солардың ішінен келесі оқушылар таңдалып алынды: Доценко Сергей, Шпехт Юлия, Бесчастная Дарья және
Герасимова Елизавета.
Үздік күнделіктер нәтижесі бойынша келесі
оқушылардың есімдері аталды: 3 «А» кбыныбында
Рольгейзер Полина, 2 сыныпта Иванов
Ярослав, 4 «А» сыныбында Свидерская
Вероника.
3 «А» сыныбында Макашева Л.К. «Мой Чуковский» тақырыбында ата – аналарымен
бірге отбасылық оқыту өткізді. Таңдалып алынғанн әдістер сабақтың мақсатына
жетуге мүмкіндік туғызды. Келесі сөз әдістері қолданылды: түсіндіру, сұрақ қою;
көрнекілік әдісі: слайдтар көрсету; оқуға қызығушылығын арттыру әдісі: танымдық
тапсырмалар. Чуковский шығармалары
туралы оқуылардың білімдерінің
өзектілігі кезеңі өткізілді. Кезең
барысындағы сұрақтарға оқушылар мазмұнды жауап берді. Оқушыла мен олардың ата –
аналары үшін викторина өткізілді. Қатысушылар сүйсініп белсенді жауап берді. Әңгіме барысында күнделікті өмірмен байланысы
қадағаланды. Тапсырмалар әр түрлі болды. Іс шара сәтті өтті, балалар мен
олардың ата – аналарына өте ұнады.
Барлық іс- шаралардың қорытындылары
бойынша белсенді қатысушылар анықталып грамоталармен, дипломдармен және алғыс
хаттармен марапатталды. Осындай жақсы көңіл күймен бастауыш сынап мұғалімдері
онкүндікті аяқтады.
Апталық
аясында өткізілген сабақтар мен іс
шараларды талдай келе біздің бастауыш сынып мұғалімдерінің әдістемелік
бірлестігі – өз оқушыларына шексіз білім әлемін ашатын, махаббат пен мейірімділікке, ғылымның соқпақ
жолдарымен алға сүйрейтін, балалардың жүрегінен білуге құмарлықты оятатын ұйымшыл, шығармашыл, дарынды, жоғары білікті
мұғалімдер ұжымы деуге толық болады.
Қорытынды: оқушылар өздерін жақсы жақтарынан
көрсетуге ұмтылулары және оны әдетке айналдыру үшін жыл сайын осындай іс
шараларды өткізу.