«Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Общеобразовательная школа №1 имени Ыбырая Алтынсарина города Степногорск отдела образования по городу Степногорск управления образования Акмолинской области».

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары

30.06.2017

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік

қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына

сәйкес әзірленген.

2.

Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан

Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және

кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары

кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.

3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші

адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын)

орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен

оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.

Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда,

Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы

оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес

конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан

Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы

деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына

сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес

конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының

халықаралық шарттарымен айқындалады.

4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші

адамдарды қабылдау сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың

өтініштері бойынша жүзеге асырылады.

Сертификаттар

ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі –

КТ) немесе эксперименттік алаң болып табылатын "Назарбаев Зияткерлік

мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру бағдарламалары бойынша

түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау нәтижелері бойынша, сондай-ақ

тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындаған жалпы бiлiм беретiн

пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының

(ғылыми жарыстардың) 2014, 2015, 2016 жылдардағы жеңімпаздарына (бұдан әрі –

халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары) (бiрiншi, екiншi және

үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) беріледі.

"Назарбаев

Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының білім беру

бағдарламалары бойынша түлектердің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдары

ҰБТ сертификатының балдарына ауыстырылады, халықаралық олимпиадалар мен

конкурстардың жеңімпаздарына білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін

шәкілге сәйкес қорытынды бағаларды балға ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаты

беріледі.

Білім

беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан Республикасы

Заңының 4-бабының 5)

тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру

грантын беру ережелеріне сәйкес өткізіледі.

5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта

білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру

ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы

білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының

бітірушілері үшін өткізіледі.

КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта

жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш

және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері,

халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін

мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін

өткізіледі.

6. Осы Үлгілік қағидалардың

43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері

жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары

оқу орнына түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.

7. Осы Үлгілік қағидалардың

43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері

жойылған қатысушылар және КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары

оқу орнына түсу үшін КТ қайта өткізіледі.

8. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және

7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік

қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған

адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.

      Бұл адамдар үшін жоғары оқу

орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе

КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік

қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған

адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.

9. Қазақстан Республикасының жоғары

оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ

нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік,

орта білімнен кейінгі (колледж) білімі бар адамдарды жоғары оқу орындарына

ақылы негізде жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру

бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау КТ нәтижелері бойынша

жүзеге асырылады.

      Ұқсас мамандықтар тізбесін

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      Жоғары білімі бар адамдарды

жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды

жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.

      10. Шетел азаматтарын

мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша

мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына

қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.

      Шетел азаматтарын ақылы

негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау

комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.

      11. Жоғары білімнің білім

беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде

"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін

мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.

Ауыл жастары арасынан шыққан

азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы

көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім

мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

12. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс

істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша

мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан

Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық

қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.

      13. Пилоттарды даярлауды

жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау

жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан

Республикасы Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген

пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық бойынша

медициналық қорытындысымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру

ұсынылады.

14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім

беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пунктерінде немесе

базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.

Шығармашылық мамандықтарға,

сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары

оқу орындарына түсетін адамдарға ҰБТ немесе КТ адамның таңдаған жоғары оқу орны

бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.

15. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

16. ҰБТ немесе КТ-нің бейіндік

пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган

бекітеді.

17. КТ-нің жалпы бейіндік және

бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы

уәкілетті орган бекітеді.

18. Педагогикалық мамандықтарға,

арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға

қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып

жүзеге асырылады.

 

Просмотров: 412

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст